Мектеп оқулығында Қайрат Нұртасқа қатысты есеп жүргені рас па?

Мектеп оқушыларының математика оқулығына Қайрат Нұртасқа қатысты тапсырма енгізілгені туралы ақпарат тарады, деп жазады Paryz.kz SN.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мектеп оқулығында Қайрат Нұртасқа қатысты есеп жүргені рас па?
Коллаж: in business

Желіде оқушыларға берілген Қайрат Нұртастың гастрольде өткізген күнін есептеу бойынша тапсырмалар қызу талқыға түсті.

Есепті шығар. Қайрат Нұртас 18 күн гастрольде болды. Ол 12 күн бойына күнде 3 концерттен, екі күн 1 концерттен, ал қалған күндері 2 концерттен өткізді. Қайрат Нұртас қанша концерт көрсетті?, - деп жазылған оқушыларға берілген тапсырмада.

Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратты жоққа шығарды.

Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында бұл тапсырма жоқ (суретте көрсетілген)", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік ақпаратты таратқан қолданушы постын өшіргені туралы атап өтті.