Грузияда Қазақстан азаматы ұсталды

Бүгін Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратура.

Грузияда Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: qov.kz

Бұл азамат Баспрокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен ұсталды.

Оған мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлерден 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деген айып тағылып отыр. Содан бері ол тергеуден жасырынып, Грузияда бой тасалап жүрген.

2023 жылы күдікті қазан айында Грузияда ұсталды. Оған дейін күдіктіге халыұаралық іздеу жаряиланған болатын.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктіге 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол  қылмысы үшін бар мүлкі тәркіленіп, өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.