Майқайың шұңқырына құлаған екі адам әлі табылған жоқ

Майқайың шұңқырына құлаған автобус пен жоғалған екі адам әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Майқайың шұңқырына құлаған екі адам әлі табылған жоқ
Фото: pavlodarnews.kz

Майқайың шұңқырына құлаған автобус пен жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ. Шыңыраудың табанындағы шағын экскаватордың жұмыс істеуіне жоғарыдан сусыған құм кедергі болып тұр. Оның үстіне, автобус жатқан жердің асты ойық деген болжам бар. Осыны ескере келе, бүгін қатты троспен керме жасалып, экскаватор соған байланды. Яғни, жер опырылған жағдайда техниканы құлатпай, жоғарыда ұстап қалады.

17 қаңтар күні топырақ астынан автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты мен қол сөмке, ал бүгін кеншінің бас киімі табылды.

Іздеу жұмыстары бүгін де жалғасады.