«Балдәурен» балабақшасының педагогтары тәрбиеленушілерді суыққа төзімді болсын деген мақсатта қардың үстімен жүгірткен. Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таң қалды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіруде.
«Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді», - деп сендірді әкімшілік.