Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Атырау облысында судья пара алу кезінде ұсталды

Атырау облысында Махамбет аудандық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Атырау облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Фото: paryz.kz

Соттың мәліметінше, судьяның алаяқтық әрекеттеріне қатысты материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 10 қаңтарда тіркелген.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алу кезінде судьяны парамен ұстады", - делінген жоғарғы соттың хабарламасында.

Күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.