Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент-Самара тасжолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденген.
Қазір полицейлер күдіктіні ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») фактісі бойынша тергеп жатыр. Ол қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталады.
Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған.