Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Денсаулық сақтау министрі мәйіт доноры болуға дайын екенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі мәйіт доноры болуға дайын екенін мәлімдеді
фото: Halyq Uni

Министр мәйіт донорлығы көптеген елде бар проблема екенін атап өтті.

«Мұндағы мәселе медицинаға емес, моральдық-этикаға қатысты. Халық адамдардың ағзасы қайтыс болғаннан кейін белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігінде электронды регистр бар. Онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы (мәйіт донорлығына қатысты) пікірін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық бұл мәселеге өз ұстанымын айтты. Оның 15%-ы (өмірден өткесін ағзағасын беруге – авт.) келісті. Осы бағытта ауқымды ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Былтыр желтоқсанда маңызды трансплантация жүргізілді. Нәтижесінде 2 донор 9 адамды өмірін құтқарды. Мәселені талқылап, заң жобасын әзірлейміз», - деді Ажар Ғиният.

Журналистердің бірі Мәжілістің жалпы отырысынан соң Денсаулық сақтау министрінен «Өзіңіз өмірден өткен соң донор болуға дайынсыз ба?» деп сұрады.

Мұнымен келістім, ниет білдірдім, - деді ведомство басшысы.