Алматыда 6-сынып оқушысы мұғалімнің ұрып-соғатынын айтты

Алматыда 6-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылғанын айтты. Баланың айтуынша, мұғалім оған және сыныптастарына қол көтереді. Әлеуметтік желілерде видео тарады, - деп хабарлайды Paryz.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бала соққыдан қабырғасы мен асқазаны ауырғанын мойындады. Алматы полициясы қызметкерлері тергеу басталғанын айтты.

«Қабырғадан ұрды, енді төрт күннен бері барлық қабырғам ауырады, ішім, ішімнің тұсы. Ұрғанда арыздансам «шапалақпен» ұрамын деді. Ол менің форма кимейтін сыныптастарымның қолын қайырып, бәрін осылай қорқытады. Мен мектепке барғым келмейді, өйткені ол маған бірнәрсе істей ме деп қорқамын», - дейді бала. 

Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұған қатысты пікір білдірді. 

«Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша Алатау ауданы әкімшілігінің тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деді ол.