Бас прокуратура істің сотқа жолданғанын хабарлады. Оған қатысты тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі (билікті немесе лауазымды өкілетін теріс пайдалану) бойынша жүргізілген.
Бұған дейін Бас прокуратура Самат Әбіштің Қазақстанда екенін, ешқайда кетпеу туралы қолхат алу бұлтартпау шарасы қолданылғанын мәлімдеді.
Арнайы прокурорлар Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.