Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығынан 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысында– 1 учаске:  

  • «Омск-Майқапшағай» 910-1002 км, Қалбатау а. -Көкпекті а. – 92 км.

Қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғаққа байланысты, шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Жамбыл облысында – 3 учаске:

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. – 79 км.
  • «Мерке-Бурылбайтал» 161-273 км, Бірлік а. -Бурылбайтал а. -112 км.
  • «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Туркістан обл. шек. – 59 км.

Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар арлас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс);

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км;

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел).

Қостанай облысында – 1 учаске:

  • 1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Арқалық қ. - Ұлытау обл. шек. – 83 км;

(Ұлытау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты) шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске:

  • «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» 213-280 км, Кішкенекөл -РФ. шек. – 67 км;
  • «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а. -Рощинское а. – 166 км;
  • «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 км, уч. Рощинское а. -Волошинка а. – 87 км;
  • «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка а. -Тимирязево а. – 119 км;
  • «Тимирязево-Сарыкөл -облыс шекарасына дейін» 0-32 км, Тимирязево а. -граница Қостанай обл. шек. – 32 км.

Бұрқасын, шектеулі көрініске байланысты шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Түркістан облысында- 1 учаске:

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Түркістан обл.шек. -Жібек Жолы а.( Машат өткелі арқылы) – 61 км.

Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді.

Ұлытау облысында – 1 учаске:

  • «Жезкқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау а. -Қостанай обл.шек. – 188 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 524 бірлік техника және 860 адам жұмылдырылды.