Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Болжамды ана – Мақпал»: Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында баласын тастап кеткен аналарға үндеу жасады

"Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ана анализ тапсырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Болжамды ана – Мақпал»: Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында баласын тастап кеткен аналарға үндеу жасады
фото: әлеуметтік желіден

"Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар. Бүгін анализ тапсырған болжамды ана -– Мақпал", – деп жазды журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде.

 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.