Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Павлодар облысында 17 елдімекенді су басу қаупі бар – ТЖД

Көктемде Ащысу, Айдос, Бала-Щидерті, Қарасу өзендері арнасынан тасып, біраз елдімекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды

Павлодар облысында 17 елдімекенді су басу қаупі бар – ТЖД
Фото: Azattyq ruhy

Павлодар облысы ТЖД хабарлауынша, аталған елдімекендерді су басу қаупін азайту үшін 2023 жылы Баянауыл ауданында көлемі 6,7 мың га болатын 4 ауылдық округте – Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ және Жаңажол, Лиманды суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары басталды.

«Бөгеттерге топырақ үйіндісін жүргізу және шлюз реттегіштерін орнату қажет, жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат қажет болады. Осылайша, жобаны іске асыру үшін тасқын суларды пайдаланса, ол жерді құнарландырып және 17 елдімекенді су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Баянауыл ауданының жайылмалы суару жүйелерін суландырып, су басқан шалғындар жоғары өнімділік беріп және шалғынды шөп жинауға болады, бұл өңірдегі шалғынды мал шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізеді», - делінген хабарламада.