Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

БҚО-да кәсіпкерлерден миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция кәсіпкерлерден миллион доллар бопсалаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Paryz.kz. 

БҚО-да кәсіпкерлерден миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын компания құрылтайшыларынан 1 миллион доллар (451 млн 765 мың теңге, 1 доллар – 451,77 теңге) бопсалаған күдіктіні Toyota Mark II көлігінде ақша алып жатқан жерінде ұстады.

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы орындықтың қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сондай-ақ ер адамның барсеткасынан 50 мың теңге табылды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.