Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасу құқығына ие болады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасу құқығына ие болады
Коллаж: Azattyq Ruhy

Кездесуге Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансейітова және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Онлайн-келіссөздер барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System (EPS) жүйесіне қосу мәселесі талқыланды.

«Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Асқарбек Ерсаев кездесуге қатысушыларды EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.