«Бұл айқаста мақсат – жеңіс»: Азамат Сатыбалды жазба жариялап көпшілікті ойландырып қойды

Азамат Сатыбалды жеке парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бұл айқаста мақсат – жеңіс»: Азамат Сатыбалды жазба жариялап көпшілікті ойландырып қойды
фото: әлеуметтік желіден

Бүгін қиын. Ертең одан да қиын болады. Арғы күні жеңістің дәмін сезетін боласын. Бірақ, біраз адамдар орта жолда беріліп қояды.
Ең бастысы сену және шыдау. Қайда бара жатқаныңды сенен басқа ешкім білмейді. Орта жолда жаман ой салып бағытыңнан адастыратындарға жол берме. Олардың лақтырған тасы қайта қамшы болып, сені шабыттандыру керек. Оладың мақсаты – сені жолдан тайдыру, ал сенің мақсатың – белгілеген межеге жету. Бұл айқаста мақсат – жеңіс. Ол – сенің қолыңда.
Үретіндер көп,тістейтіндер аз. Сөйлейтіндер көп,істейтіндер аз.
Сондықтан берілме бауырым. Мен саған сенемін. Алла жар болсын!, – деп жазды өнер иесі. 

Актердің жазбасын оқырмандары жарыса бөлісіп, тұнып тұрған жігерлендіру деп баға беріп жатыр.