Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге ұрланған

Алматыда метро салу үшін бөлінген қаражаттан 5 млрд теңгеден астам ақша ұрланған. Қолды болған қаражат жайлы Бас көлік прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге ұрланған
Коллаж: Azattyq Ruhy

Мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралды, олар бойынша 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және 1 358 адам жауапкершілікке тартылды.

«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактураларды жазып беру фактілері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды», - деп атап өтті Бас көлік прокуратурасы алқасының баспасөз қызметі.