Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы жергілікті білім бөлімдері хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Атап айтқанда, 11 қаңтарда Павлодарда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқуға көшті.
Қостанайда 30 градустық аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары 11 қаңтардан бастап онлайн оқыту форматына көшірілді.
Семей қаласында 2024 жылғы 11 қантар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 1 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері (9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтан оқу форматқа ауыстырылады.
Таразда 11 қаңтарда мектепке дейінгі мекеме мен 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.
Көкшетау қаласында ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 11 қаңтарда 1-ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.