Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалған әйел табылды

Ақмола облысының полицейлері 2,5 жыл бұрын жоғалған тұрғынды іздеп тапты, деп хабарлады Paryz.kz

Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалған әйел табылды
фото: polisia.kz

Целиноград ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың мамырында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен қарт әйелді іздеді. Полиция қызметкерлері 1965 жылы туған жоғалған ақмолалықты Қарағанды облысының аумағынан тапты. Целиноград ауданында тұратын ұлы мен келіні полицияға анасының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Өздері де іздемек болған, алайда іздестірулері сәтсіз болған.

Полицейлердің бастапқы іздеу шаралары қажетті нәтиже бермеді және осы бағыттағы жұмыс жалғасып, нәтижесінде әйелдің орналасқан жері анықталды.

Белгілі болғандай, ақмолалық әйел көрші облыста жұмысқа орналасқан болып шықты. Болашақта отбасына қайта оралуды жоспарламайды.