Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бір үйге 5 млн теңгеге дейін. 15 қаңтардан бастап субсидия алуға болады

Ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидиялау ала алады, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір үйге 5 млн теңгеге дейін. 15 қаңтардан бастап субсидия алуға болады
Фото: Baq.kz

Мемлекет басшысының Ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлеп, бекітті. Бекітілген ережелерге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидиялау ала алады. Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұрғын үй проблемасын шешу үшін субсидиялау тетігі іске қосылатынын былтыр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеген болатын.

Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, Өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 14,3 млрд теңге сомасына 2 855 тұрғын үй салу жоспарланып отыр, - деді Марат Қарабаев.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды, - делінген хабарламада.

Бекітілген ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.