Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Екінші рет кешірген: Рахат Тұрлыханов тағы да әйелін ұрғаны үшін сот алдында жауап берді

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Екінші рет кешірген: Рахат Тұрлыханов тағы да әйелін ұрғаны үшін сот алдында жауап берді
Фото: smi24.kz

Сотта белгілі болғандай, 2023 жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, Тұрлыхановпен татуласқанын хабарлады.

Заң талабына сәйкес, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза - ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу. 

«Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады қалалық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр күзде де Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған, бірақ әйелі оны кешіргендіктен, бір кездері танымал болған әртіс жазадан құтылған еді.