Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Аягөз қаласында салынған тұрғын үйлердің сапасы өте нашар − Мәжіліс депутаты

Депутат Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде бірқатар әлеуметтік мәселені талқылады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhyна сілтеме жасап.

Аягөз қаласында салынған тұрғын үйлердің сапасы өте нашар − Мәжіліс депутаты
Фото: azattyg. ruhy

Оның ішінде әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы, автобустардың кешкі мезгілде ерте тоқтап қалуы, ауыз су, көшелердің атауын өзгерту, қаңғыбас иттерді атуға рұқсат беру, медициналық сақтандыру,  газ тарту, жедел жәрдем стансасын Семейден Аягөзге көшіру, әуежай салу сынды әлеуметтік проблемалар айтылды.

«Біріншіден, тұрғын үймен қамту өте өзекті. Екінші мәселе – ауыл шаруашылығындағы игерілмеген жерлерді қайтару. Сондай-ақ елдімекендерді жоғары интернетпен қамту. Кей ауылдарда не су жоқ, не қаржы игерілуінің есебі жоқ. Мысалы, Аягөз қаласында тұрғын үйлер салынған, бірақ  сапасы өте нашар екен. Қыста суық, тұрғындар осы мәселе шешілсе деп отыр.  Халықтың көтерген мәселелерін жазып алдым, Парламентке барғанда көтеремін. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізіледі», – деді Нұртай Сабильянов.