Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлер қанша теңге айыппұл төлейді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қоғамда резонансқа айналған мобильді аударымдар туралы мәселені егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлер қанша теңге айыппұл төлейді
Фото: paryz.kz

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлікті «көлеңкеден» шығаруға бағытталған. Кейбір кәсіпкер сатылған тауарлар мен қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Соған сәйкес түбіртек (чек) берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады, - деді вице-министр.

Оның сөзінше, мемлекет мобильді аударымдардың барлығын бірдей тексермейді. Түрлі тұлғалардан 3 ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана тексеруге жатады. Яғни кәсіпкерліктің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильді аударымдар жасап, қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ, - деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Министрлік өкілі атап өткендей, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларына сәйкес түрлі төлем түрлері бар. Мысалы, банк картасы, QR-төлем немесе қолма-қол ақша арқылы. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту – заңсыз. Мұндай жағдайда тұтынушылардың құқығы бұзылады.

Кәсіпкерлер төлем карталары арқылы төлемдерді қабылдаудан бірінші рет бас тартса, онда ескерту беріледі. Ал мұндай құқық бұзу қайталанса, онда 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет, - деп айтты вице-министр.