Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді. Төрт учаскеде жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАавтоЖол"
Жетісу облысы:
"Үшарал-Достық" (84-184 шақырымы), Көктұма станциясынан -Достық станциясына дейін - 100 шақырым;
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское" (65-228 шақырымы);
Возвышенка-Рощинское – 163 шақырым;
"Рощинское-Корнеевка-Волошинка" (0-47 шақырым), Рощинское-Корнеевка– 47 шақырым;
"Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасына дейін" (213-280 км), Кішкенекөл - РФ шекарасы – 67 шақырым;
Осы учаскелерде көліктің барлық түрі үшін жол жабық. Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 389 техника және 750 адам жұмылдырылған.