Талдықорғанда екі адамды айуандықпен өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздеуде. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмысты (адам өлтіру) жасауда негізді күдікті, - делінген полиция хабарламасында.
Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.
Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдарға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102, - делінген хабарламада.