2023 жылғы 1 желтоқсанда халық саны 20 014 575 адам болды. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам, деп хабарлайды Paryz.kz.
2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты.
Оның ішінде табиғи өсім есебінен — 239 422 адамға, көші-қон есебінен — 8 346 адамға өсті.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді — 2,40%.