Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Астанада адам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Елордада адам ұрлаған алаяқтар ұсталды, деп хабарлады Антикор.

Астанада адам ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: Антикордың баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановтың заң бұзғанын анықтады.

Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Күдіктілер адам ұрлап, боспалаумен де айналысқан. Олар адамды есірткі заттарын сақтадың, оны пайдаландың, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ құны 1,4 млн теңгеден асатын мүлікті иемденген, - деп жазылған хабарламада.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдіктілердің заңға қайшы әрекеті туралы білсеңіз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.