«Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды. Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд теңге өндірілді. Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді. Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд теңгеге толықтырды, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС 38 млрд теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді», - делінген Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн теңгені құрады, қазіргі уақытта өтеу сатысында.