«Жайықмұнай» ЖШС-ға 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексеру барысында салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, компания 38 млрд теңгеден астам қаржы шығынына жол бергенін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Жайықмұнай» ЖШС-ға 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Фото: kursiv.media

«Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды. Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд теңге өндірілді. Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді. Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд теңгеге толықтырды, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС 38 млрд теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді», - делінген Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн теңгені құрады, қазіргі уақытта өтеу сатысында.