Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Маңғыстауда 21 жастағы жігітті атып кетті

2 қаңтар күні сағат 21:04 шамасында Құрық ауылының 2002 жылы туған тұрғыны оқ жарақатымен Қарақия аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Маңғыстауда 21 жастағы жігітті атып кетті
Фото: Pixabay

Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ол ауыр жағдайда санавиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілген. Жәбірленушінің жақ сүйегі жараланған. Қазір реанимацияда жатыр.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Құрық ауылы тұрғындарының айтуынша, 21 жастағы жәбірленуші отбасындағы жалғыз ұл.