«Майкаинзолото» шахтасындағы апат: 2 құтқарушының денесі табылды

Бүгінде шахтадағы шұңқырдан 2 адамның денесі табылды, деп хабарлады Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ).

«Майкаинзолото» шахтасындағы апат: 2 құтқарушының денесі табылды
Фото: bes.media

Қазір апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Шұңқырға түсу үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. ТЖД күшімен 2 әріптесіміздің денесі табылды. Олардың денесі жоғарыға шығарылады. Кенішке құлаған автобус табылмай жатыр. Қалған адамдар іздестірілуде, - деп жазылған хабарламада.

КӘАҚҚ РОШ қаза тапқан құтқарушылардың отбасына қайғыра көңіл айтады.

Бұл қайғылы оқиға – бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас қайғы. Республикалық орталық штаб көз жұмғандардың отбасыларына барлық қажет көмекті көрсетеді, зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, - деп жазылған хабарламада.