Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан берілген пәтер төңірегінде дау шықты

Түркістан облысында әлем чемпионына арендалық пәтер берілген, деп хабарлайды Paryz.kz kazinformға сілтеме жасап.

Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан берілген пәтер төңірегінде дау шықты
Фото: Sports.kz

Әлеуметтік желі белсенділері спортшыға табысталған пәтердің арендалық екендігін айтып, желіде қызу талқылап жатыр. Мәселен, Олжас Мамыр есімді түркістандық азамат Сәкенге берілген баспана оның атына әлі аударылмағандығын жеткізді.

«Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Естайұлы бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер кілтін табыстаған болатын. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан еді. Бірақ бұның бәрі өтірік болып шықты. Ол үйді Сәкеннің атына әлі аудармаған. Берілген баспана арендалық үй», - деп жазды ол.

Ал, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы аталған мәселені шешуге демеушілер тартылып жатқанын жеткізді.

«Дұрыс жағынан түсініңіздер. Бұл пәтер арендалық негізде берілген. Алайда демеушілер тарапынан мәселені шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Пәтер Сәкен Бибосыновтың меншігіне беріледі», - делінген жауапта.

Бұл мәселе бойынша боксшы Сәкен Бибосыновпен де сөйлесіп, мәселені өзінен сұрадық.

«Басқа облыстар чемпиондарына үш бөлмелі пәтер беріп жатыр. Ал, маған берілген екі бөлмелі пәтер арендалық болып шықты. Мен сол себептен Түркістанға қоныс аудармадым. Өзімнің де көптеген жоспарларым мен жобаларым бар еді. Соның бірі түркістандық жас боксшыларды спортқа баулу болатын. Пәтер мәселесі шешілмегендіктен оларды жүзеге асыру әзірге мүмкін болмай отыр», - деді ол.