02.01.2024, 14:01

Қарағанды облысында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Фото: видеодан скриншот

Бүгін, яғни 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.