Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Елордалық такси жүргізуші көлікпен сырғанақ үстіне шықпақ болды (ВИДЕО)

Кейбіреулер "мүмкін мұз басынан қымбат тапсырыс түскен болар" деп әзілдеген...

Елордалық такси жүргізуші көлікпен сырғанақ үстіне шықпақ болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Елордадағы Триатлон паркінде такси жүргізушісі көлігімен сырғанақтың биігіне шықпақ болды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Instagram-дағы astanovka98 парақшасына жарияланған бейнероликті жұрт жаппай сынға алып жатыр. Тіпті, кейбіреуі "мүмкін мұз басынан қымбат тапсырыс түскен болар" деп әзілдеген. Алайда жүргізушінің мұндай іске не үшін барғаны да, діттеген жеріне жеткен-жетпегені де белгісіз.

Сырғанаққа келгендер жүргізуші өзгенің, әсіресе балалардың өміріне қауіпті іс істегенін айтып, жазалануы тиіс деген пікірде.