Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күннің кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды Paryz.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді.

2 қаңтар күні-сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).

3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.

3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.