Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Полиция Дина Таңсәріге іздеу жариялады

ҚР Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Полиция Дина Таңсәріге іздеу жариялады
Фото: tengrinews.kz

Іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.  

Сайтта көрсетілгендей, іздестіру жұмыстары 2023 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған. Күдіктіні іздеумен Өскемен қалалық полиция басқармасы айналысып жатыр. 

Бұған дейін БАҚ-та Дина Таңсәріге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.