Атырау облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Атырау облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
Фото: zakon.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 желтоқсанда болды.

Жылыой ауданында жергілікті уақытпен сағат 14:27 шамасында Құлсары - Сарқамыс тасжолының 4-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – ВАЗ-2115, екіншісі – Lada Largus. Екі адам оқиға орнында көз жұмды. Барлығы ВАЗ-2115 автокөлігінде болған. Олар – 39 жастағы жүргізуші мен жолаушы. Ал Lada Largus-тің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Патрульдік полиция қызметкерлері жол апатының себебін анықтау үшін тергеу амалдарын бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген болатын.