Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

53 млн теңге желге ұшты: Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашық еріп кетті

Құрылысына 53 млн теңге бөлінген Павлодар қаласындағы мұз қалашығы тұтастай еріп кетті. Бұған толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

53 млн теңге желге ұшты: Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашық еріп кетті
Фото: видеодан скриншот

Ал ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған. Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатындығы көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті.

Ал құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.