Алматыда жоғалып кеткен спортшы табылды

Алматыда жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда жоғалып кеткен спортшы табылды
Фото: ПД

Боксшының жоғалып кеткені туралы деректі «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының өкілдері жариялаған еді.

«Медеу аудандық полиция Басқармасы хабарлағандай, 1959 жылы туған С.Нұрқазов азамат аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда кеңестік кезеңнен танымал болған спортшы Серік Нұрқазовтың із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.