25.12.2023, 18:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына келді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.