Шымкентте жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды

Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің аумағынан жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды.

Шымкентте жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым жазуынша, 21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына жаңа туған нәресте өлі күйінде табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздестіруде.