Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде тағы бір модульдік аурухананың құрылысы бойынша іс қозғалды

Әр аурухананың құны – 5,5 млрд теңге. Қаржыны жымқыру дәлелденетін болады. Қазіргі таңда процессуалдық іс жүріп жатыр, әзірге күдіктілер жоқ...

Елімізде тағы бір модульдік аурухананың құрылысы бойынша іс қозғалды
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департамент басшысы Мұрат Ахметов екі модульдік аурухананың ісі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда аурухана құрылысына бөлінген қаржы талан-таражға түскен

"Модульді ауруханаға қатысты агенттікте 2 іс бар. Алматыда және Шымкентте тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік аудит жүргізген актілердің нәтижесінде, сараптама бекіткен сома анықталды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бекітілген алдын ала сома бүгінде сарапшылардың қарауында. Аурухананың жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр. Нәтижесі шыққан соң таныстыратын боламыз. Әр аурухананың құны – 5,5 млрд теңге. Қаржыны жымқыру дәлелденетін болады. Қазіргі таңда процессуалдық іс жүріп жатыр, әзірге күдіктілер жоқ. Кінәлі тергеу жұмыстарынан соң белгілі болады, әзірге айта алмаймын. Ауруханалардың құрылыс жұмыстарына да сараптама бекітілді", - деді  Мұрат Ахметов.