Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақүйлердің кімге өтетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Брифинг барысында Астана әкіміне «Миллиардер Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп, кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде Астанада «Комфорт» қонақүйі мен Fitnaton фитнес орталығы бар. Онда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек болған. Осы нысандарда бұл орталықтары ашыла ма?» деген сұрақ қойылды.
«Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы бойынша «Комфорт» қонақүйі өтеді. Фитнес орталықтар берілмейді. Қонақүйді (әкімдікке беру - ред.) үрдісі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталған соң не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан ары қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін», - деді Жеңіс Қасымбек.