Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады

2024 жылы қаңтар айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды paryz.kz. 

Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: inform. kz

Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.

Ал аптасына 6 күн еңбек ететіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді.

Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.