Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Көмек сұраған балаға сенбеген ТЖД қызметкері сотталып жатыр

Қансырап жатқан қыз көмек сұрап, құтқару қызметіне үш рет хабарласқан. Қоңырауға жауап берген оператор оған сенбеген. Тек арада бір сағаттай уақыт өткеннен кейін ғана көмек жіберген. Жұмысына жауапсыз қараған Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқару қызметінің операторының ісі сотта қаралуда, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көмек сұраған балаға сенбеген ТЖД қызметкері сотталып жатыр
Фото: Астана телеарнасы

«Қызметіне салғырт қарау» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 29 наурызында түнде болған. Қанды қол қарақшы пәтерге балкон арқылы кіріп, 37 жастағы келіншекті және оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13-тегі қызды мойнынан жаралаған.

София бірнеше рет қоңырау шалған. Ол әзілдеп тұр деп ойлаған. Мен София өз табандылығының арқасында ғана тірі қалды деп ойлаймын. Өйткені қоймай хабарласа берген. Біз қызметкердің жазаланғанын қалаймыз, - деді жәбірленушінің анасы Евгения Кайрис.

«ТЖД қызметкері Біржанов қоңырауға ден қоймаған. Мекен-жайға жедел жәрдем жібермеген. Тек үшінші қоңыраудан кейін ғана Жедел жәрдем қызметін жіберген. Бұл өз қызметін тиісінше орындамаған сондықтан оның үстінен ҚР ҚК 371 бабы 1 бөлігі «Салғырттық» бабымен іс қозғалды», - деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры Әсел Таналиева