Тергеу мәліметтері бойынша, тапанша 4 мың долларға Қазақстан тұрғынынан сатып алынған.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында екі адам дронмен Макаров тапаншасын алып өтпек болған, деп хабарлады paryz.kz, Өзбекстан 24-ке сілтеме жасап.
Өзбекстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ташкенттің екі тұрғынын дронды пайдаланып, Қазақстанмен шекарадан Макаров тапаншасын алып өтпек болған кезде ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, тапанша 4 мың долларға Қазақстан тұрғынынан сатып алынған. Ұсталғандарға "Контрабанда" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.