Светлана Жақыпова базалық зейнетақы өсетінін атап өтті.
Базалық зейнетақы төлемі, керісінше, көбейтіліп жатыр. Мысалы, биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті 5%-ға арттырамыз, индекстеу 7%-ды құрайтын инфляция деңгейін ескеріп бекітіледі. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы, 9% индекстеу болады. Зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады, – деп түйіндеді министр.