Сенбі күні елдің барлық аумағында профилактикалық жұмыстарға байланысты теледидар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды paryz.kz.
2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады. Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.