Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Теміртауда адвокат педофилді кешіруі үшін зорланған қыздардың анасына пара берген

Қарағанды облысында адвокат педофилдің мүддесі үшін жалған куәлік берсін деген оймен екі қыздың анасына пара берген. Бұл туралы Patriotnews хабарлады.

Теміртауда адвокат педофилді кешіруі үшін зорланған қыздардың анасына пара берген
фото: Halyq Uni

Еске сала кетсек, Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғыны анасының жұмыста жүргенін пайдаланып, 11 және 14 жастағы өгей қыздарын зорлаған. Содан кейін оларды анасына ештеңе айтпауын талап етіп, қорқытқан.

Зорлық-зомбылық бірнеше ай бойы қайталанған. Шыдамы таусылған қыздар анасына бар шындықты кейін айтып берген. Әйел дереу полицияға хабарласып, көмек сұраған. Тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Айыпталушы жазадан құтылу үшін ақша жинаған. Ол адвокаттан балалардың анасына пара беруін сұрап, айғақтарды өз пайдасына өзгертуін сұрапты. Полицейлер мұны біліп, бірден шара қолданды. Олар жәбірленушіге пара берді деген күдікпен адвокатты ұстады.

Осылайша, өгей қыздарын зорлаған Теміртау тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, адвокат қыздардың анасына 1 миллион теңге, одан соң 6,5 миллион теңге берген. Сондай-ақ ол қалған ақшаны соттағы айғақтарды өзгерткеннен кейін аударатынын айтқан. Адвокат сол үшін 1 миллион 400 мың теңгедей ақша алған. Оны Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көшеде көлігінің жанынан ұстады.

36 жастағы адвокат қылмыстық кодекстің 422-бабы 1-бөлігі («Пара алу немесе аса ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша жалған айғақ беруге мәжбүрлеу») бойынша кінәлі деп танылып, оған ең төменгі қауіпсіздік режимінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кішкентай балалары болғандықтан, жазасы жеңілдетілді.