Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қазақфильмнен» 400 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды

Бас прокуратура ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Қазақфильмнен» 400 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды
Фото: baigenews.kz

Ведомстводан хабарлағандай, «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.