15.12.2023, 21:55

Нокаут: Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласынан жеңіліп қалды

Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов елордадағы бокс кешінде мексикалық былғары қолғап шебері Хосе Мигель Боррегодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды paryz.kz Kazinformға сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен және алты раундқа жоспарланған жекпе-жекті Боррего мерзімінен бұрын аяқтады.

Төртінші раундта нокдаун тіркелді. Шаршы алаң жиегінде тұрған Мырзағали Айтжанов Шымбергеновтің шарасыздығын көріп, рингке орамал тастады. Осылайша төреші жекпе-жекті тоқтатты.